gallery/карта кз с юма

Введите текст

ЖШС «UniMaster-Аgro» - жас қазақстандық компания, 2014 жылдың 22 қыркүйегінен бастап өз қызметін жүзеге асыруда. Өндірістік секторы - ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу болып табылады.

 

Компанияның қарамағында ауыл шарушылық алқаптары, өндірістік база (Алматы обылсы, Қарасай аудыныңда орналасқан ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және чипстерді өндіру зауыты), голландиялық озық технологиялармен жабдықталған заманауи көкөніс сақтайтын қоймалар, көкөністерді суаруда қолданатын таза, мөлдір суы бар артезиандық ұңғымаларға ие.

 

«UniMaster-Аgro» зауыты – ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін және элиталық картоп сортын өсіріп,  одан чипс өнімін өндіретін Қазақстандағы алғашқы және жалғыз зауыт.

 

«UniMaster-Аgro» зауытының жұмысы әлеуметтік салаға бағытталған, себебі зауыт ондаған ауыл тұрғындары мен Алматы облысы, Қарасай ауданының ферма қызметкерлерін жұмыспен қамтамасыз етіп отыр және толық импортты отандық өнімге алмастыруда, себебі Қазақстанға импортталатын немесе осында өндірілетін чипстер 100% дейін Ресей мен Украинадан алып келінеді немесе импортық нидерландтық картоптан жасалады. Сонымен қатар мекеме даму барысында бюджетке салық төлеп, ауданның инфрақұрылымын дамытып, жастардың қалаға кетуін азайтуға үлесін қосады.

 

«UniMaster-Аgro» компаниясы пайдалануға жылдам және жеңіл тағамдар желісін өндіреді, «снектер» бұл – арнайы элиталық сорттан өндірілген чипстер, аралас жаңғақтар, Испанияда өсірілген және еуропалық технологиямен қуырылып, алуан дәмді табиғи  дәмдеуіштер қосылған валенсиялық бұршақ және севильялық жүгері. Барлық снек өнімдері «Мaster Snack» брендімен шығарылады.

 

Чипстерді өндіру үшін Қазақстандық картоп және көкөніс өсіру ғылыми-зерттеу институтының селекционерлері арнайы шығарған картоптын элитадық сорттары қолданылады. Шикізатты өсіруге арналған картоп егістіктері «UniMaster-Agro» компаниясына қарасты және экологиялық таза аймақта орналасқан. Өсіп келе жатқан картоптың барлық кезеңдері (отырғызу, картоп егістігін күтімдеу және егін жинауды қамтамассыз ету) жергілікті фермерлер мен жоғары кәсіби агрономдармен бақыланады.

 

Чипстер жоғары технологиялық жабдықтарда жоғары сапалы пальма майын пайдаланып өндіріледі, соның арқасында табиғи картоп жапырақтары алтын түске боялып, қытырлақ күйінде қалады және керемет дәмді қасиеттерін сақтайды.

 

«Мaster Snack» - ГМО, глютен, консерванттар, канцерогендерден, нитраттар және басқа да зиянды заттар жоқ 100% табиғи өнім.

 

Қысқа уақыт аралығында «UniMaster-Agro» компаниясы жобалаудан өндіріске жетіп қана қоймады, сонымен қатар қазақстандық шикізаттан өнімді өндіріп және өнімді сатудың кең желісін құрды.

Бүгінгі күні «Мaster Snack» өнімдері Қазақстанның барлық өңірінде сатылымда бар, болашақта кез-келген жерде кездестіруге болады.

 

Болашақта компания Ресей, Қытай және Орталық Азия шекаралық аймақтағы нарыққа арнап өндіріс көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

gallery/billboard_290-x-144 (1)